Бүгін - Қадір түні

ТРТ 1 арнасының Қадір түні арнайы Мәуліт бағдарламасы Сұлтанахмет мешітінен тікелей жарияланады.

68425
Бүгін - Қадір түні

Қасиетті кітап Құранда «мың айдан қайырлы» деп айтылған Қадір түнін бүгін атап өтеміз.


Құран Кәрім Расулуллаһқа осы түні түсе бастады.


Дін істері басқармасы төрағасы Мехмет Гөрмез осы атаулы күнге орай мәлімдеме жариялап, «Ислам жағрапиясын қорлағысы келгендердің зұлымдығы осындай қасиетті күндерге көлеңке түсірмеуі керек» деді.


Мұсылман рухы шын мағынада тек осындай қадірлі кездерде тіріледі.


Гөрмез Қадір түні күні баршаны және Ислам әлемін зұлымдық шеккен Газа халқына, жазықсыз балаларға, әйелдер мен азаматтарға дұға қылуға шақырды.


Осы арада ТРТ 1 арнасының Қадір түні арнайы Мәуліт бағдарламасы Сұлтанахмет мешітінен тікелей жарияланады. ТРТ Түрік және ТРТ Хабар арналары болса Германияның Гамбург қаласындағы Кожатепе мешітінен арнайы телекөпір жариялайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар