Трансляция Түріксат 4А коммуникациялық жер серігіне көшеді

Жаңа жер серігінің қосылуымен 500-ден астам телеарна мен 200-ден астам радио эфирі таратылады

127801
Трансляция Түріксат 4А коммуникациялық жер серігіне көшеді

2014 жылы 14 ақпан күні ғарышқа жіберілген және орбита сынақтарын табысты түрде аяқтаған Түріксат 4А коммуникациялық жер серігі 42 градустық шығыс орбитасында Түріксат 2А және Түріксат 3А коммуникация жер серіктерімен 1-ші шілдеден бастап қызмет бере бастайды.
Түріксат 4А коммуникация жер серігінде бүгін түн ортасында жер серіктеріндегі теледидар мен радио эфирлерінің жиіліктері өзгертіледі.
Түріксат 2А коммуникация жер серігі 2016 жылдың басына дейін жұмыс істегені себепті аталмыш жер серігі арқылы эфирлер Түріксат 4А коммуникация жер серігіне көшіріледі. Жаңа теледидар каналдарының эфирге шыға бастауымен Түріксат 4А үстіндегі 429 канал саны 477-ден асады.
Түріксат Канал реттеу жүйесі мен сәйкес жер серігі тартқыштар жаңа жиілікті автоматты түрде орнатады.
Басқа жер серіктері үшін болса "11844 MHz жиілігі, тік V-поляризация, 2222 символ көрсеткіші, FEC 3/4 немесе 11747 MHz жиілік, көлденең H- поляризация, 27500 Символ көрсеткіші және FEC 5/6" көрсеткіштерін енгізіп қайта орнату керек.
Түріксат 4А коммуникация жер серігі, 42 градус шығыс орбитасында (Түріксат 2А және Түріксат 3А жер серіктерімен бірге) қызмет ететіні себепті жер серігі үстіндегі трансляцияларды көру үшін қосымша бір антеннаға қажеттілік болмағаны сияқты қазіргі антеннаны реттеуге де қажет жоқ.
Түріксат 2А, Түріксат 3А және Түріксат 4А жер серіктері арқылы 500-ден астам телеарна мен 200-ден астам радио эфирі таратылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар