80 миллион жасында үйлеріне оралады

Мамандардың айтуынша, жақсы сақталған динозавр скелеттерінің құны миллиондаған доллар шамасында.

125867
80 миллион жасында үйлеріне оралады

Моңғолстаннан Америка Құрама Штаттарына алып қашырылған динозавр қалдықтары елдеріне қайтарылады.


Америка Құрама Штаттары мен Моңғолстан арасындағы динозавр келіспеушілігі аяқталды. Америка соты Моңғолстаннан алып қашырылған 68 және 80 миллион жас арасындағы 18 скелеттің Моңғолстанға қайтарылып берілуіне үкім шығарды.


Динозавр скелеттерін Гоби шөлінде 2010-2012 жылдар арасында бір жобада міндет атқарған американдық ғалым Эрик Прокопи алып қашырған болатын.


Оқиға жарыққа шыққаннан кейін Моңғолстан соттық іс ашып, Прокопи үш айға бас бостандығынан айрылды. Екі ел арасында қайтарып беру келісімі жасалды.


Мамандардың айтуынша, жақсы сақталған динозавр скелеттерінің құны миллиондаған доллар шамасында.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар