100 жылдық Османлы байрағы қайтарылды

Байрақ Түркияның Лондондағы елшісіне табыс етілді

107675
100 жылдық Османлы байрағы қайтарылды

Дамаскта шамамен 100 жыл бұрын ағылшын генерал Эдмунд Алленби тарапынан алынған Османлы байрағы Түркияға қайтарылды.
Ұлыбританияның астанасы Лондонның маңайындағы Haileybury колледжінде ұйымдастырылған мерәсімде Тернер жанұясы байрақты Түркияның Лондондағы өкілетті елшісі Үнал Чевикөзге табыс етті.
Түркияға қайтарылған байрақтың хикаясын да әңгімелеп берген Чевикөз «Haileybury колледжінің түлектерінің бірі Эдгар Тернер 1918-жылы Таяу Шығыстағы соғыстар кезінде ағылшын армиясымен бірге Дамаск қаласына кірген генерал Алленбидің адьюданты екен. Генерал Дамаскте Османлы әскерлері шегінген кезде қолға түсірген осы байрақты Эдгар Тернерге аманат қылып беріпті. Эдгар Тернер байрақты өте мұқият сақтап, кейін ұлына берген екен. Ол да өз ұлына берген. Эдгар Тернердің ұлы Мэттью Тернер осы колледжде өз ұлы да оқуға бастаған кезде бұл байрақты өзінің иелеріне беруді ойлапты.Турнер династиясының төртінші ұрпағы 17 жасар Джек Тернердің Османлы байрағын өздеріне табыс еткенін және байрақтың елшілікте сақтаулы екенін айтқан елші Чевикөз « Анкарадағы жауапты адамдармен сөйлестік. Байрағымыз лайық жеріне қайтадан қойылып, мұражайларға табыс етілетін болады» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар