Екі түрік фильмі сыйлықпен оралды

Мысырда өткен 17-ші Халықаралық Исмаилие фильм фестивалінде екі түрік туындысы сыйлыққа ие болды.

89167
Екі түрік фильмі сыйлықпен оралды

Мысырда өткен 17-ші Халықаралық Исмаилие фильм фестивалінде екі түрік туындысы сыйлыққа ие болды.
Исмаилиеде 4 маусым күні басталған кинофестиваль кеше аяқталды. Фестивальге Америка Құрама Штаттары, Түркия, Бахрейн, Испания, Иран және Германия сынды 35 елден 48 туынды қатысты.
Кинофестивальде «Үздік ұзын метражды фильм» аталымында Мысырдың «Толқын» атты фильмі сыйлыққа лайық деп табылды.
Хасан Сериннің «Арарат пен тау» атты туындысы «Әйел құқықтарын арқау қылған үздік фильм» аталымында Мақтау қағазын, Угур Егемен Ирестің «Мегер» атты туындысы да «қысқа метражды фильм» аталымында қазылар алқасы сыйлығын қоржынына салды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар