Ұлы ғұлама Али Кушчу

Түрік және ислам әлемінің ең ұлы дана ғұламаларының бірі, астрономия және математика маманы - Али Кушчу

120728
Ұлы ғұлама Али Кушчу

Бүгінгі бағдарламамызда түрік және ислам әлемінің ең ұлы дана ғұламаларының бірі, астрономия және математика маманы Али Кушчу жөнінде айтып береміз.

Батыс және шығыс ғылым әлемінде 15-ғасырда өмір сүрген ғұлама ретінде танымал Али Кушчуны шығыстанушы Бартольд "Он бесінші ғасырдың Птоломейі" деп атайды. Әкесі Ұлықбектің құсбегісі болғандықтан, Кушчу (Кушчи) деген есіммен атағы шыққан осы ұлы тұлғаның азан шақырылып қойылған аты Али Бин Мұхаммед.

**
Али Кушчу Түркістанда туылды. Қай қалада, қай жылы туылғаны нақты белгілі болмаса да, он бесінші ғасырдың ортасында Самарқандта туылғаны болжалады. Бірақ қайтыс болған жылы жөнінде нақты дерек бар. Немересі атақты Мирим Челеби бір туындысында оның 1474 жылы 16 желтоқсан күні дүние салғанын жазады. Али Кушчуның қабірі Стамбулда Ейюп Сұлтан мазарында.


Али Кушчу Ұлықбектің Хорасан және Мавераннахр билігі барысында Самарқандта білім алды. Сол кездің шарттарына сай негізінде дін саласында білім алған ол кішкентай кезінен бастап астрономия және математикаға қызығушылық танысты. Кейіннен сол кездің даналары Ұлықбек, Бурсалық Кадызаде Руми, Гияседдин Жемшид және Кашиден астрономия және математика сабағын алды.


Ол білімін жалғастыру мақсатымен Ұлықбектен бейхабар Керманға кетті және сол жерде "Ай сатыларының анықталуы" атты кітабын жазып, қайта оралды. Оралған кезде кітабын Ұлықбекке сыйға тартты. Али Кушчуның өзінен рұқсат алмастан Керманға кеткеніне ашуланған Ұлықбек кітапты оқығаннан кейін оны құттықтады.

Кушчу (Кушчи)
Али Кушчу астрономия және математика саласында жылдам табысқа қол жеткізгені соншалықты, 1421 жылы құрылған Самарқанд обсерваториясының тұңғыш басшысы Гияседдин Жемшид және екінші басшысы Кадызаде Руми қайтыс болғаннан кейін обсерваторияға басшы ретінде тағайындалды. Алайда Ұлықбек қайтыс болғаннан кейін Самарқандтан кетті және Ак-Коюнлу билеушісі Ұзын Хасанның қол астына барды. Ұзын Хасан оны османдықтар мен ак-коюндықтар арасында бейбітшілік орнату үшін Фатих Сұлтан Мехмедке елші ретінде жолдады.
**
Білім мен мәдениетке көп көңіл бөлген Османлы падишасы Фатих Сұлтан Мехмет бір мезгілден кейін Али Кушчуға Стамбулда қалуын және медреседе сабақ беруін ұсынды. Али Кушчу осыған орай Тебризге қайтып, елшілік міндетін орындағаннан кейін қайтадан Стамбулға оралды. Али Кушчу Стамбулға оралғанда падиша міндеттендірген делегация оны шекарада қарсы алады. Қалада айырықша қарсы алу рәсімі ұйымдастырылады. Али Кушчуға екі жүз алтын айлық тағайындалды және Аясофияға мұғалім ретінде міндетке бастады.


Али Кушчу осында Фатих кешенесінің бағдарламасын дайындады, астрономия және математикадан сабақ берді. Айырықша Стамбулдың ендік пен бойлықтарын өлшеді және түрлі Күн сағаттарын жасап шығарды. Али Кушчуның медреседегі сабақтары үлкен ықылас туғызды және маңызды ғалымдар да қатысты.

Али Кушчу
Али Кушчуның астрономия және математика саласында жазылған маңызды екі туындысы бар. Бұлардың бірі Отлукбелі шайқасы барысында аяқталып, жеңістен кейін Фатих Сұлтан Мехметке ұсынылған "Фетхие" атты астрономия кітабы. Туынды үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда ғаламшарлар мен олардың қозғалыстары туралы жазылған. Екінші тарауда Жердің түрі мен жеті климат туралы айтылған. Соңғы тарауда болса Али Кушчу Жердің өлшемдері мен ғаламшарлардың қашықтықтары туралы жазған. Өз кезінде ықпалды және өте пайдалы болған осы астрономия кітабы медреселерде оқулық ретінде қолданылу мақсатымен дайындалған. Али Кушчуның басқа бір маңызды кітабы болса Фатих Сұлтан Мехметке арнап жазылған "Мұхамедие" атты математика кітабы.


Али Кушчу туынды жазып қана қоймай, немересі Мирим Челеби, Қожа Синан паша және Молда Лүтфи сынды астрономдардың өсіп жетілуіне жол ашқан ұлы ғұлама.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар