Израиль балалар саябағын бомбалады: 10 адам қаза тапты

Израиль әскери ұшақтары босқындар лагеріндегі балалардың ойын алаңын бомбалады.

2128677
Израиль балалар саябағын бомбалады: 10 адам қаза тапты

Израиль әскери ұшақтарының Газа секторының орталық бөлігіндегі Мегази босқындар лагеріндегі балалар ойын алаңына жасаған шабуылында арасында балалар мен әйелдер де бар 10 адам қаза тапты.

Куәгерлер Израиль әскери ұшақтарының "Мегази" босқындар лагеріндегі ойын алаңын нысанаға алғанын баса айтты.

Куәгерлер шабуылға ұшыраған бейбіт тұрғындардың көпшілігінің балалар екенін және балалардың ойын алаңында ойыншықтармен көңіл көтеру кезінде Израиль соғыс ұшақтарының нысанасы болғанын білдірді.

Қайтыс болған 10 адамның денесі Дейр әл-Белахтағы "Ақса шейіттері" ауруханасына жеткізілді.

Израильдің 7 қазан күнінен бері Газа секторына жасаған шабуылдарында 14 мың 500-і бала, 9 мың 560-ы әйел, барлығы 33 мың 843 палестиналық қаза тауып, 76 мың 575 адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар