Пәкістанда нөсер жауын мен жай түсуі салдарынан 26 адам қаза тапты

Пенджаб, Белуджистан және Хайбер-Пахтунхва уәлаяттарында нөсер жауын салдарынан 26 адам қаза тапты

2127466
Пәкістанда нөсер жауын мен жай түсуі салдарынан 26 адам қаза тапты

Пәкістанның Пенджаб, Белуджистан және Хайбер-Пахтунхва уәлаяттарында нөсер жаңбыр мен жай түсу салдарынан 26 адам қаза тапты.

Уәлаяттардағы лауазымдылардың мәлімдемесіне қарағанда, Пенджаб уәлаятында толассыз жауған жаңбыр салдарынан 12-ден астам адам жарақат алған Рахим Яр Хан, Бахавалпур, Бахавалнагар және Лодхран аймақтарында жай түсуі салдарынан 17 адам қаза тапты.

Белуджистан уәлаятының әртүрлі аймақтарынан келген хабарламаларға қарағанда, нөсер жауын мен су тасқыны салдарымен 8 адам қаза тауып, 10-нан астам адам жарақат алды.

Хайбер-Пахтунхва аймағы лауазымдылары уәлаятың солтүстік-батысында 1 адамның қаза тауып, 2 адамның жараланғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар