Норвегия мен Ирландия Палестина мемлекетін тануға дайын

Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стор мәлімдеме жасады.

2127184
Норвегия мен Ирландия Палестина мемлекетін тануға дайын

Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стор Палестина мемлекетін және оның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы (БҰҰ) орнын тануға дайын екенін мәлімдеді.

Норвегия үкіметінің ресми интернет парақшасынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда премьер-министр Стор Испания премьер-министрі Педро Санчеспен кездесуінің артынан ортақ баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады.

Санчеспен Таяу Шығыс пен Газа секторы мәселелерін талқылағандарын айтқан Стор «Норвегия Палестина мемлекетін және оның БҰҰ-дағы орнын тануға дайын. Негізгі мәселе аймақта бейбітшілікті нығайту үшін мұны қай уақытта және қандай жағдайда жасайтынымыз» деді.

Стор Палестина мемлекетін тануға қатысты Испания мен Норвегияның «ұқсас көзқараста» екенін және бұл тақырыпта тығыз жұмыс істейтіндерін атап көрсетті.

Аймақтағы елдерге қоса Испания сияқты ұқсас көзқарастары бар елдермен жұмыс істеп жатқандарын атап көрсеткен Стор алдағы уақытта бұл мәселемен «белсенді» түрде айналысатындарын мәлімдеді.

Санчес Палестина мемлекетін тануға қолдау көрсету сапары аясында Норвегиядан Ирландияға өтті.

Бас қала Дублинде Ирландия премьер-министрі Саймон Харриспен кездесуінің артынан ортақ баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасаған Санчес «Екі мемлекетті шешім туралы Ирландия мен Испания ортақ көзқарасқа келді. Зорлық-зомбылықты тоқтатып, бейбітшілік орнату керек. Ирландия мен Испания Палестинаны мемлекет ретінде тануға және Біріккен Ұлттар Ұйымының толық мүше мемлекеті ретінде қолдауды уәде етті» деді.

Ирландия премьер-министрі Харрис болса «Біз Палестина мемлекетін тануға өте жақынбыз» деді.

Испания премьер-министрі Санчес Палестина мемлекетін тану үшін Еуроодақтың (ЕО) басқа елдерімен жұмыс істеу идеясымен Польша, Норвегия және Ирландияны қамтитын екі күндік ресми сапарға шықты.



Ұқсас жаңалықтар