БҰҰ: "Суданда 25 миллион адам гуманитарлық жәрдемге мұқтаж"

Майкл Данфорд Нью-Йоркте бейнеконференция арқылы журналистерге мәлімдеме жасады.

2127206
БҰҰ: "Суданда 25 миллион адам гуманитарлық жәрдемге мұқтаж"

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Суданда 25 миллион адамның гуманитарлық жәрдемге мұқтаж екенін, 8,6 миллион адамның болса босқынға айналғанын хабарлады.

Судандағы БҰҰ Гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасының (OCHA) директоры Джастин Брэди мен Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының Шығыс Африка бойынша аймақтық директоры Майкл Данфорд Нью-Йоркте бейнеконференция арқылы журналистерге мәлімдеме жасады.

Суданның әлемдегі ең қорқынышты гуманитарлық трагедиялардың бірінің сахнасы екеніне назар аударған Брэди тараптар арасындағы қақтығыстың жалғасуымен жағдайдың күн сайын нашарлағанын білдірді.

Брэди Суданда 25 миллион адамның гуманитарлық жәрдемге мұқтаж болғанын атап, 8,6 миллион адамның босқынға айналғанын, оның 4 миллионының балалар екенін білдірді.

Шамамен 2 миллион адамның болса жұмыс іздеп көрші елдерге қашып кеткенін атап көрсеткен Брэди «Шамамен 5 миллионға жуық адам ашаршылық алдында тұр. Әсіресе Хартум мен Дарфурда жетуі қиын аймақтарда ашаршылық болады деп күтілуде. Шамамен 18 миллион адам азық-түлік қауіпсіздігімен күресуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 миллионға артқан» деді.

Брэди соғыстың әсіресе балаларға үлкен әсер еткенін және шамамен 730 мың баланың жеткіліксіз тамақтанудан зардап шеккенін атап, келесі апталарда 200 мың баланың өміріне қауіп төндіретін аштық себепті өлуі мүмкін екенін ескертті.

Суданда тараптардың халықаралық құқықты бұзғанына қатысты маңызды тұжырымдар бар екенін атап көрсеткен Брэди бұлардың кейбірлерінің соғыс қылмыстары болуы мүмкін екеніне назар аударды.

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы Шығыс Африка бойынша аймақтық директоры Данфорд Судандағы дағдарыстың шекарадан асқанын, Чад пен Оңтүстік Суданға да әсер ететінін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар