Мәскеудегі синагогаға жасалған лаңкестік әрекеттің алды алынды

ФСБ баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

2126953
Мәскеудегі синагогаға жасалған лаңкестік әрекеттің алды алынды

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) бас қала Мәскеудегі бір синагогаға жасалған лаңкестік әрекеттің алды алынғанын атап көрсетті.

ФСБ баспасөз қызметі жасаған мәлімдемеде «ФСБ Мәскеудегі синагогада лаңкестік әрекет жасамақ болған кісі 2002 жылы туылған Орталық Азия азаматы. Оның лаңкестік әрекетінің алды алынды» делінді.

Аталмыш күдіктінің синагогада барлау жұмысын жүргізіп, бомбаға қажетті материалдарды сатып алғанына назар аударылған мәлімдемеде «Террорист 10 сәуір күні ұсталған кезде қауіпсіздік күштерімен қақтығыс нәтижесінде залалсыздандырылды" делінді.

Ресей 22 наурыз күні бас қала Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залына қарулы адамдар жасаған лаңкестік әрекет Ресейді дүр сілкіндірген болатын.

Әлеуметтік желіде шабуылшылар автоматты қарулармен залда кездейсоқ оқ жаудырғаны туралы көріністер кең орын алған еді.

144 адам қаза тапқан лаңкестік әрекетке байланысты бүгінге дейін 11 адам тұтқындалды.



Ұқсас жаңалықтар