БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Украинадағы жағдай талқыланды

БҰҰ Бас хатшы орынбасары Мирослав Енча адам шығынының 20 пайызға артқанын білдірді.

2127005
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Украинадағы жағдай талқыланды

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Ресей-Украина соғысында зорлық-зомбылықтың артқанына назар аударып, Украинаның соғыс басталғалы ең көп шабуылға ұшыраған бір кезеңнен өтіп жатқанын білдірді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Украинадағы жағдай талқыланды.

Мүше мемлекеттерге ақпарат бөліскен БҰҰ-ның Саяси бөлімшесі Еуроодақ, Орталық Азия және Америка жөніндегі бас хатшы орынбасары Мирослав Енча Ресейдің БҰҰ жарғысы мен халықаралық құқыққа қарама-қайшы жүргізгенін, «Украина оккупациясының» бейбіт тұрғындарға ауыр әсер етуді жалғастырып жатқанына назар аударды

Енча Ресейдің Украинаның қалалары мен елді мекендерін күн сайын бомбалағанын және энергетикалық инфрақұрылымның қарқынды және жүйелі түрде нысанаға алынғанын тілге тиек етті.

«Осы үздіксіз шабуылдар салдарынан бейбіт тұрғындардың жоғалуының артуы бізді үрейлендірді» деген Енча Украинадағы адам шығынының өткен аймен салыстырғанда 20 пайызға артқанын айтты.

Тек наурыз айында 57 баланың қаза болғанына назар аударған Енча осы уақытқа дейін 600-і бала, барлығы 10 мың 810 бейбіт тұрғынның қаза болғанын хабарлады.

«Бұл қабылданбайды» деген Енча сондай-ақ ядролық нысандарға шабуыл жасауды да ескертті. Енча бұл нысандарға жасалған шабуылдардың әскери немесе саяси пайда әкелмейтінін, бүкіл әлемге қауіп төндіретінін білдірді.

БҰҰ гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесі Операция және қорғаныс бөлімінің директоры Эдем Восорну «Украина соғыс басталғалы бері ең көп шабуылға ұшыраған кезеңін бастан кешуде» деді.

Елде 10 миллион адамның баспанасыз қалғанын және халықтың шамамен 40 пайызының гуманитарлық жәрдемге мұқтаж екенін білдірген Восорну олардың 56 пайызының әйелдер мен балалар екеніне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар