БҰҰ Израиль тыйым салған кейбір материалдардың тізімін жасады

БҰҰ Халық қоры «X» әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтынан хабарлама жасады.

2127088
БҰҰ Израиль тыйым салған кейбір материалдардың тізімін жасады

БҰҰ Халық қоры (UNFPA) Израильдің Газа секторына кіруіне тыйым салған кейбір материалдардың тізімін жасады.

UNFPA «X» әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтынан жасалған хабарламада Израильдің Газа секторына кіруіне жол бермеген кейбір материалдарды «вентилятор, мүгедек арбалары, босануға арналған жиынтықтар, ультрадыбыстық құрылғылар мен генераторлар» деп атаған UNFPA бұлардың кедергі жасалған материалдардың кейбірі ғана екенін атап өтті.

Газа секторына кірген жәрдем көліктері Израиль тексеруінде израильдік лауазымдылар жүк көліктеріндегі бір затқа ғана қарсылық білдірсе, бүкіл жүк көлігі кері қайтарылады.

Халықаралық баспасөзде жарияланған хабарда Израильдің шағын қайшы, инсулин қаламы, наркоз, оттегі баллондары және хирургиялық операцияларға қажетті материалдар сияқты көптеген көмекті толығымен қабылдамағаны атап көрсетілді.

Әлемнің көптеген елдері Мысыр территориясы арқылы Газа секторына жеткізілетін гуманитарлық жіберуде, бірақ Израиль кедергілеріне байланысты бұл көмектің көпшілігі Мысырда күтуде.



Ұқсас жаңалықтар