Украинаның Ресейге шабуылдары жалғасуда

Украина армиясы Курск облысындағы Апанасовка ауылына шабуыл жасады.

2126667
Украинаның Ресейге шабуылдары жалғасуда

Ресейдің Курск облысының губернаторы Роман Старовойт Украина армиясының аймаққа ұшқышсыз әуе көлігімен жасаған шабуылында 3 адамның қаза тапқанын хабарлады.

«Telegram» арнасында мәлімдеме жасаған Старовойт Украина армиясының Курск облысындағы Апанасовка ауылына ұшқышсыз әуе көлігімен шабуыл жасағанын айтты.

Старовойт «Апанасовка ауылында азаматтық көлікке украиналық ұшқышсыз әуе аппаратынан  жарылғыш зат лақтырылды. Өкінішке орай, көлікте болған 3 адам, оның ішінде 2 бала қаза тапты. Қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтамын» деді.

Украина армиясының 9 сәуір күні Брянск облысында артиллериялық жүйемен жасаған шабуылында 2 адамның қаза тапқаны жарияланған еді.



Ұқсас жаңалықтар