Исмаил Ханийенің 3 ұлы мен 4 немересі қаза тапты

Хамас саяси бюросының басшысы Исмаил Ханийенің 3 ұлы мен 4 немересі қаза тапты.

2126660
Исмаил Ханийенің 3 ұлы мен 4 немересі қаза тапты

Израиль Газа қаласының батысындағы Әл-Шати босқындар лагерінде жүріп келе жатқан көлікті нысанаға алу кесірінен  Хамас саяси бюросының басшысы Исмаил Ханийенің 3 ұлы мен 4 немересі қаза тапты.

Куәгерлерден алынған мәліметтерге қарағанда, Израиль Ораза айт мерекесін Әл-Шати босқындар лагерінің тұрғындары және олардың туыстарымен бірге тойлауға бара жатқан Ханийе отбасының көптеген мүшелері бар көлікті нысанаға алған.

Хамас жасаған мәлімдемеде Ханийенің  отбасы, лагерь тұрғындары мен туыстары айт мерекесін тойлауға бара жатқан көліктің нысанаға алынуы салдарынан ішіндегі барлық адамдардың қаза тапқаны немесе жараланғаны атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар