Парижде бір пәтерде жарылыс болды

Пәтерде тұтанған өрттен қашуға әрекеттеніп, үрейлене секірген адам көз жұмды.

2125857
Парижде бір пәтерде жарылыс болды

Франция астанасы Парижде көпқабатты үйдің 7-қабатындағы пәтерде болған жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты.

«Le Parisien» газетінің хабарлауынша, Париждің 11-ші ауданындағы көпқабатты үйдің 7-қабатындағы пәтерде белгісіз себеппен жарылыс болды.

Жарылыс салдарынан пәтерде тұтанған өрттен қашуға әрекеттеніп, үрейлене секірген адам көз жұмды.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілердің еңбегі нәтижесінде өрт сөндірілсе, жарылыс болған пәтерден 2 адамның мәйіті табылды.



Ұқсас жаңалықтар