Иракта базарда өрт шықты

Өрт 3 сағаттан кейін ауыздықталды.

2125893
Иракта базарда өрт шықты

Ирактың Эрбиль қаласында ескі тауарлар сатылатын Ленге базарында таңертең тағы өрт шықты.

Өрт 3 сағаттан соң ауыздықталды.

Қысқа уақытта тараған жалын салдарынан ондаған дүкен зардап шекті. Өрт сөндірушілер 3 сағатқа созылған күрестен кейін өртті ауыздықтады.

Ленге базарында өрт жиі шығады.

Соңғы рет  27 ақпанда болған өрттен базардағы 2400 дүкеннің 166-сы зардап шеккен еді. 2018 жылы өрт салдарынан 2 мыңнан астам дүкен жанып кеткен болатын.


Этикеттер: #өрт , #базар , #Эрбиль , #Ирак

Ұқсас жаңалықтар