Бес мың шетелдікке төлөқұжат береді

Сальвадор президенті Наиб Букеле «X» әлеуметтік медиа платформасында мәселеге қатысты мәлімдеме жасады.

2125907
Бес мың шетелдікке  төлөқұжат береді

Сальвадор жоғары білікті шетелдік қызметкерлерге 5 мың «тегін төлқұжат» береді.

Сальвадор президенті Наиб Букеле «X» әлеуметтік медиа платформасында мәселеге қатысты мәлімдеме жасады.

Шетелдік ғалымдарға, инженерлерге, дәрігерлерге, суретшілерге және философтарға шамамен 5 миллиард долларға сәйкес келетін 5 мың «тегін төлқұжат» берілетінін атап өткен Букеле бұл адамдардың сайлау құқығымен бірге толық азаматтық мәртебесін де алатынын айтты.

Букеле сонымен қатар төлқұжат алуға өтініш берген жоғары білікті қызметкерлердің отбасылары мен активтері елге көшірілуі үшін осы саладағы салықтарды алып тастайтындығы туралы ақпаратты бөл істі және бұл бағдарлама Сальвадордың болашағына үлкен әсер ететінін атап өтті.

Сальвадордың бұл бастамасы елге шетелдік инвесторларды тарту арқылы экономиканы ынталандыру мақсатында жасалғаны айтылған.

Экономиканы жандандыру үшін Сальвадор 2021 жылы биткоинді «заңды валюта» деп таныды және оны ресми түрде айналымға енгізген алғашқы ел болды.



Ұқсас жаңалықтар