Атом электр станциясына шабуыл жасалды

Нысан мен аймақта радиация деңгейінде өзгеріс болмағаны айтылды.

2125851
Атом электр станциясына шабуыл жасалды

Ресейдің бақылауындағы Украинадағы Запорожье атом электр станциясына ұшқышсыз ұшатын аппараттармен 3 рет шабуыл жасалды.

Ресей ұшқышсыз ұшақтармен электр станциясына жасалған шабуылда 3 адамның жараланғанын хабарлады. Сондай-ақ электр стансасының түрлі бөліктерінің зақымданғаны айтылды.

Шабуылдарға байланысты нысан мен аймақта радиация деңгейінде өзгеріс болмағаны айтылды.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік те электр станциясына жасалған шабуылдарды растады. Запорожье атом электр станциясындағы бас реакторды қоршап тұрған құрылымдарға кем дегенде 3 рет шабуыл жасалғаны хабарланды.

Агенттік ядролық нысандарды қорғаудың негізгі принциптерін бұзуы мүмкін кез келген әрекетті болдырмауға шақырды.

Басқа жақтан Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның 15 ұшқышсыз ұшақпен Ресей территориясына шабуыл жасау әрекетіне тосқауыл қойылғанын жариялады. Ұшқышсыз ұшақтардың ресейлік әуе қорғаныс жүйелері арқылы жойылғаны атап өтілді.

Украина президенті Владимир Зеленский біраз уақыттан бері Ресейдің қарқынды шабуылдарына ұшыраған Харьков қаласына қатысты мәлімдеме жасады. «Әлем Харьковке жасалған шабуылдың ауыртпалығын сезінуі керек», - деді Зеленский.

Ол әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесіне көмек көрсету туралы өтінішін қайталады.

Зеленский сондай-ақ соңғы апталарда ресейлік зымырандық шабуылдардан айтарлықтай зардап шеккен Украинаның энергетикалық жүйесіндегі мәселелердің негізінен шешілгенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар