Израиль гуманитарлық жәрдем қызметкерлеріне шабуылдады

Гутерреш жеке «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан тақырыпқа қатысты хабарлама жариялады.

2124048
Израиль гуманитарлық жәрдем қызметкерлеріне шабуылдады

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш Израильдің шабуылдарында гуманитарлық жәрдем қызметкерлерінің өлтірілуіне наразылық білдіріп, мұны «ұждансыздық» деп атады.

Гутерреш жеке «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан тақырыпқа қатысты хабарлама жариялады.

«Израильдің қорқынышты әуе шабуылдары нәтижесінде Газа секторында Әлем орталығы асханасы (World Central Kitchen –WCK) қызметкерлерінің қаза тапқанын» еске салған Гутерреш «Осыған қоса бұл қақтығыста өлтірілген гуманитарлық жәрдем қызметкерлерінің саны 196-ға жетті» деді.

Гутерреш бұлардың 175-інің БҰҰ қызметкерлері екенін атап, гуманитарлық жәрдем қызметкерлерінің өлтірудің ұждансыздық екенін атап көрсетті.

Израильдің Газа секторындағы Дейр әл-Белах аймағына жасаған шабуылында Халықаралық жәрдем мекемесі «WCK»-нің 7 қызметкері қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар