Франция Украинаға әскери көмек береді

Франция Қорғаныс министрі Себастьян Лекорну Украинаға жүздеген қолданылған броньды көлік жіберетінін мәлімдеді.

2124306
Франция Украинаға әскери көмек береді

Франция Қорғаныс министрі Себастьян Лекорну елінің 2025 жылдың басына дейін жаңа әскери көмек пакеті аясында Украинаға жүздеген қолданылған броньды көлік жіберетінін мәлімдеді.

«La Tribune» газетіне сұхбат берген Лекорну Украинаға әскери көмек пакетіне қатысты мәлімдеме жасады.

Француз армиясының 40 жылдан астам қолданыста болған «VAB» брондалған көліктерін жаңа буын көліктерімен алмастырғанын түсіндірген Лекорну әлі де жұмыс істеп тұрған ескі брондалған көліктер мен «Aster» типті зымырандардың Украинаға 2025 жылдың басына дейін жіберілетінін мәлімдеді.

Франция Қорғаныс министрі Лекорну кеше жасаған мәлімдемесінде ай сайын өндірілетін «Цезарь» артиллериялық жүйелерінің санын 6-дан 12-ге дейін арттыратындарын, сондай-ақ  жақын уақытта Украинаға 78 «Цезарь» беретіндерін және оқ-дәрі көлемін арттыратындарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар