Блинкен Украинаның НАТО мүшелігі туралы мәлімдеме жасады

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Францияда.

2124007
Блинкен Украинаның НАТО мүшелігі туралы мәлімдеме жасады

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Украинаның ақыры НАТО-ға мүше болатынын, бірақ бұл үшін нақты жол картасын қазір анықтау керектігін атап көрсетті.

Францияға ресми сапармен келген Энтони Блинкен Франция Сыртқы істер министрі Стефан Сежурнмен кездескен соң өткізген бірлескен баспасөз мәслихатында Киевтің одаққа қабылдануы туралы мәлімдеді.

«Одақтастар Вильнюстегі саммитте (шілдеде) айтқандай, Украина НАТО-ға мүше болады» деген Блинкен «Ендігі мәселе – бұл үшін нақты әрі түсінікті жол картасын анықтау. Мен НАТО-ның 75 жылдығына орай өтетін саммит негізінен осы жол картасын немесе Украинаның НАТО-ға мүше болуына мүмкіндік беретін көпірді қалай тұжырымдауға болатынына назар аударады деп ойлаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар