Байден мен Цзиньпин сөйлесті

Екі басшы екіжақты сауда, Тайвань бұғазы мен Оңтүстік Қытай теңізі сияқты аймақтық және жаһандық мәселелерді талқылады.

2124182
Байден мен Цзиньпин сөйлесті

АҚШ  президенті Джо Байден мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин екіжақты сауда, Тайвань бұғазы мен Оңтүстік Қытай теңізі сияқты аймақтық және жаһандық мәселелерді талқылады.

Ақ Үйден жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда, Байден мен Си телефон арқылы сөйлесті.

Екі лидер армиялар арасындағы ынтымақтастық, есірткімен күрес, жасанды интеллектке қатысты мәселелер және климаттың өзгеруі сияқты көптеген тақырыпты қолға алды.

Байден Си Цзиньпинге Тайвань бұғазындағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңыздылығын еске салғанымен, Оңтүстік Қытай теңізінде еркін жүзу мен заң үстемдігінің қорғалуы керектігін де мәлімдеді.

Байден Қытайдың Ресейдің қорғаныс өнеркәсібі инфрақұрылымына қосқан үлесіне және оның Еуропа мен трансатлантикалық қауіпсіздікке кері әсерін тигізетініне алаңдаушылық білдірді.

Қытай Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда, Байденнің өтініші бойынша өткен телефон әңгімесінде екі басшы «Қытай-АҚШ қарым-қатынастары және ортақ мүдделі мәселелер» тақырыбында пікір алмасты.

Тайвань мәселесінің Қытай-АҚШ қарым-қатынастарының кесіп өтуге болмайтын «бірінші қызыл сызығы» екеніне назар аударған Си Цзиньпин «Тайваньның тәуелсіздігіне бағытталған сепаратистік әрекеттер мен сырттан берілген қолдауларға қолымызды байлап қарап отыра алмаймыз» деді.  

Си мен Байден Украина дағдарысы мен Корей түбегіндегі жағдай туралы да пікір алмасты.



Ұқсас жаңалықтар