Оңтүстік Америкадағы Эквадорда 17 адам қаза тапты

Эквадордың Манта, Манаби және Гуасмо қалаларында қауіпсіздік күштері мен қарақшылар арасында қақтығыс болды.

2123380
Оңтүстік Америкадағы Эквадорда 17 адам қаза тапты

Зорлық-зомбылық күшейген Оңтүстік Америкадағы Эквадорда 17 адам қаза тапты.

Елдің Манта, Манаби және Гуасмо қалаларында қауіпсіздік күштері мен қарақшылар арасында қақтығыс болды.

Оқиғада 17 адам қаза тапты.

Лауазым иелері жасаған мәлімдемеде қақтығыстың демалыс күндері 5 турист тобының ұсталуынан кейін басталғаны айтылды.

Туристердің құтқарылғаны және қақтығыстарда көптеген қарақшы мүшелерінің қаза тапқаны бөлісілді.

Біраз уақыттан бері елдің түкпір-түкпірінде қауіпсіздік дағдарысымен күрескен Эквадор үкіметі Фито лақап есімді есірткі тобының жетекшісі Адольфо Макиас пен кейбір тұтқындардың түрмеден қашып кетуі және содан кейін полиция көліктеріне бомбалы шабуылдар жасауына орай 9 қаңтарда 60 күнге төтенше жағдай жарияланған еді.

Төтенше жағдай туралы шешімнен кейін қылмыстық ұйымдар көптеген полиция көліктерін өртеп жіберген еді. Оқиғалардан осы уақытқа дейін ондаған адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар