Голан төбесіне Ресей бекет орналастырды

"Голан жоталарына Ресейдің қосымша әскери полиция бекеті орналастырылды", - деді Попов.

2123690
Голан төбесіне Ресей бекет орналастырды

Ресей Голан төбесі аймағында қосымша ресейлік әскери полиция бекетінің орналастырылғанын хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігінің Сириядағы қақтығысушы тараптарды татуластыру орталығы басшысының орынбасары, генерал-майор Юрий Попов Голан биіктеріндегі жағдай туралы ақпарат берді.

«Израиль армиясы мен Сирия арасындағы аймақтың «Браво» сызығындағы жағдайды бақылау үшін Голан жоталарына Ресейдің қосымша әскери полиция бекеті орналастырылды», - деді Попов.

Мәлімдемеде бұл полиция бөлімшесі тараптар арасындағы қақтығыстарды тоқтатудың қаншалықты орындалып жатқанын қадағалайтыны айтылған.



Ұқсас жаңалықтар