Финляндияда бір мектепке шабуыл жасалды

Вантон қаласындағы бір мектепке жасалған қарулы шабуылда 1 оқушы қаза тапты, 2 оқушы ауыр жарақат алды.

2123757
Финляндияда бір мектепке шабуыл жасалды

Финляндияның Вантон қаласындағы бір мектепке жасалған қарулы шабуылда 1 оқушы қаза тауып, екі оқушы ауыр жараланды.

«BBC News» ақпарат агенттігі полицияның 800 оқушысы мен 90 қызметкері бар мектепте болған шабуылда 12 жасар 1 оқушы қаза тауып, екі оқушы ауыр жарақат алғанын мәлімдегенін хабарлады.

Шабуылды ұйымдастырды деген күдікпен 12 жасар бір баланың тұтқындалғанына орын берілген мәлімдемеде аймақ тұрғындарының оқиға орнына жақындамауы үшін ескерту жасалғаны атап көрсетілді.

Финляндия премьер-министрі Петтери Орпо жеке «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан жасаған мәлімдемеде шабуылды «үлкен травма» деп атады.

Орпо шабуыл құрбандары, мектеп оқушылары, қызметкерлер және құрбандардың туыс-тамырларымен ынтымақтасып, қолдау беретінін жеткізді.

Ішкі істер министрі Мари Рантанен «X» әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаға мәлімдемеде күннің өте таңқаларлық деңгейде басталғанын және отбасылар бастан кешкен қайғы-қасіретті елестете алмайтынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар