Тель-Авивте үкіметке қарсы шерулер жалғасуда

Шеруде Израиль Газа секторында жасаған соғыс қылмыстарына назар аударылды.

2122582
Тель-Авивте үкіметке қарсы шерулер жалғасуда
tel aviv netanyahu karsiti gosteri.jpg
tel aviv netanyahu karsiti gosteri.jpg
tel aviv netanyahu karsiti gosteri.jpg

Израильдің бас қаласы Тель-Авивте үкіметке қарсы шерулер жалғасуда.

Демонстранттар тұтқындарды айырбастау туралы үндеуін қайталап, премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың отставкаға кетуін және мерзімінен бұрын сайлау өткізілуін талап етті.

Шеруде Израиль Газа секторында жасаған соғыс қылмыстарына назар аударылды.

Израиль қорғаныс министрлігіне шеруге шыққан демонстранттар, Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен оның үкіметіндегі саясаткерлерге қарсы баннерлер мен плакаттар көтерді.

Шерушілер министрлік ғимаратының алдына қоса, әртүрлі аумақтарда от жақты.

Шерушілерге қысымды су қолданған Израиль полициясы екі адамды ұстады.



Ұқсас жаңалықтар