Сирияның Азез ауданында террор шабуылы жасалды

Бомба тиелген көліктің жарылуы салдарынан 4 адам қаза тауып, 20 адам жараланды.

2122679
Сирияның Азез ауданында террор шабуылы жасалды

Сирияның солтүстігіндегі Азез ауданында бомба тиелген көліктің жарылуы салдарынан 4 адам қаза тауып, 20 адам жараланды.

Килиске қарама-қарсы оппозицияның бақылауындағы Азезде адам көп жүретін бір көшеде көлікке қойылған бомба жарылды.

Алғашқы мәліметтерге қарағанда, террор шабуылынан 4 бейбіт тұрғын қаза тауып, 20 жазықсыз адам жараланды.

Шабуылдан кейін өңірде қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жараланғандар Азез ауруханасына жеткізілді.

Жергілікті қауіпсіздік күштері оқиға орнын тексеріп, шабуыл туралы тергеу бастады.

Шабуылдың жауапкершілігін әзірге ешкім мойнына алған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар