Израиль оқ атуды тоқтатпайды

Исраэль Кац «Израиль оқ атуды тоқтатпайды. Хамасты құртамыз» деді.

2120166
Израиль оқ атуды тоқтатпайды

Израиль Сыртқы істер министрі Исраэль Кац Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Рамазан айында Газада атысты тоқтату туралы шешіміне қарамастан «Израиль оқ атуды тоқтатпайды. Хамасты құртамыз» деді.

Израиль күштерінің Газа секторының әртүрлі жерлеріне құрлық, әуе және теңіз арқылы жасаған, 32 мың адамның қазасына себеп болған шабуылдары 172-ші күні де жалғасуда.

Аймақтағы шиеленісті азайту үшін кеше маңызды қадам жасалды және Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі (БҰҰК) 9 сәуірде аяқталатын Рамазан айында Газада атысты тоқтату туралы шешім қабылдады.

Израиль Сыртқы істер министрі Исраэль Кац «X» әлеуметтік медиа платформасындағы жазбасында атысты тоқтату шешіміне баға берді. Ол  "Израиль оқ атуды тоқтатпайды.  Хамасты жойып, соңғы (израильдік) тұтқын қайтып келгенше күресеміз" деді.



Ұқсас жаңалықтар