Гутерреш Газадағы гуманитарлық дағдарысқа назар аударды

Гутерреш: «Израиль Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуді жеңілдетуі керек».

2120360
Гутерреш Газадағы гуманитарлық дағдарысқа назар аударды

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш «Израиль Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуді жеңілдетуге тиісті» деді.

БҰҰ баспасөз хатшысының орынбасары Фархан Хак күнделікті баспасөз мәслихатында Гутеррештің Израильдің БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек және жұмыс агенттігінің азық-түлік керуендеріне Газа секторының солтүстігіне кіруіне рұқсат бермеу шешіміне өкінгенін атап, аймақта 10 адамнан 7-сінің ашаршылық алдында тұрғанын ескертті.

Хак Гутеррештің Израильдің шешімнен дереу бас тартуын талап еткенін білдіріп, «Бас хатшы Палестиналық босқындарға көмек және жұмыс агенттігінің Газа секторына жасалған гуманитарлық көмектің соғып жатқан жүрегі екенін және осылай қала беретінін білдірді» деді.

Гутеррештің «Израиль Газа секторына гуманитарлық көмектің жеткізілуін жеңілдетуге мәжбүр» дегенін еске салған Хак гуманитарлық жәрдемнің Газа секторына жылдам әрі кедергісіз таратылуының маңызына тоқталды.

Палестиналық босқындарға көмек және жұмыс агенттігі комиссары генерал Филипп Лаззарини агенттіктің зорлықпен аш және сусыз қалдыру арқылы гуманитарлық апатқа ұшыратқан Израильдің Газа секторының солтүстігіне азық-түлік көмегі керуендерінің кіруіне рұқсат бермегенін мәлімдеді.

7 қазан күнінен бері аймақта Израильдің шабуылдарынан көпшілігі бала мен әйел 32 мыңнан астам палестиналық қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар