Көптеген ел Ресейге көңіл айтуда

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде шабуыл қатаң түрде айыпталды.

2119115
Көптеген ел  Ресейге көңіл айтуда

Лаңкестік шабуылдан қайғыға батқан Ресейге әлемнің түкпір-түкпірінен көңіл айту хабарламалары келуде.

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президент Джо Байден оқиғаларды қадағалап отырғанын хабарлады.

Ақ Үйден жасалған  мәлімдемеде «Мәскеудегі шабуыл өте қорқынышты, құрбан болғандар үшін қайғыға батудамыз» делінген.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде шабуыл қатаң түрде айыпталды.

Мәлімдемеде «Біз жазықсыз қаза тапқандардың отбасыларына, Ресей Федерациясының халқы мен үкіметіне шын жүректен көңіл айтамыз» делінді.

Франция президенті Эммануэль Макрон Ресей халқына қолдау білдірді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі лаңкестік әрекетті «сатқындық және қорқақтық» деп атады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутерреш те шабуылды қатаң айыптады.

Германияның Сыртқы істер министрлігі көңіл айту хабарламасын жариялады.

Сондай-ақ Ирландия, Грекия және Ираннан Ресейге көңіл айту хаттары жарияланды.

Ұлыбритания  мен Канада да Ресейдегі өз азаматтарын сақ болуға және көп адамдардан аулақ болуға шақырды.

Кеше қарулы адамдар Ресей астанасы Мәскеу түбегіндегі «Круиз Сити Холл» концерт залына  шабуыл жасаған еді.



Ұқсас жаңалықтар