Энтони Блинкен Сауд Арабиясына барды

Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагері ханзада Мұхаммед бен Салман Әл Сауд АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесті.

2118366
Энтони Блинкен Сауд Арабиясына барды

Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагері ханзада Мұхаммед бен Салман Әл Сауд Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен Газа секторындағы оқиғаларды талқылады.

Сауд Арабиясының «SPA» ресми агенттігінің хабарына қарағанда Бен Салман еліне сапармен келген АҚШ Мемлекеттік хатшысы Блинкенмен Жиддада кездесті.

Бен Салман мен Блинкеннің кездесуінде екіжақты қарым-қатынастар мен екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ортақ бағыттары қарастырылды.

Кездесу барысында Газа секторындағы және оның айналасындағы оқиғалар, әскери шабуылдарды тоқтату, олардың қауіпсіздік және гуманитарлық зардаптарын жою әрекеттері, сондай-ақ ортақ аймақтық және халықаралық маңызды оқиғалар талқыланды.

Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан Әл Сауд да қонақ министр Блинкенмен кездесті.

Кездесу барысында министрлер екіжақты қарым-қатынасты нығайту жолдарын және түрлі салалардағы бірлескен ынтымақтастықты талқылады.

Израильдің шабуылдары аясында Газа секторындағы атысты тоқтату және көптеген қоныс аударған палестиналықтардың паналаған Израильдің нысанасы болған Рафахтағы жағдайды бағалаған Фейсал бен Фархан Әл Сауд мен Энтони Блинкен Газаға шұғыл гуманитарлық көмектің кіруі үшін қажет талпыныстарды талқылады.



Ұқсас жаңалықтар