Израильге қару сатпайтын болды

Израиль шешімге наразылық білдіріп, «Тарих Канаданың ісі үшін есеп сұрайды» деді.

2117931
Израильге қару сатпайтын болды

Канада Израильге қару саудасын тоқтататынын білдірді.

Израиль шешімге наразылық білдіріп, «Тарих Канаданың ісі үшін есеп сұрайды» деді.

Канада Сыртқы істер министрі Мелани Джоли үкіметтің Израильге қару сатуын тоқтататынын хабарлады. Әскери мүлік және технология экспортына бағытталған рұқсаттарды бекіту және қарсы шығу өкілеттігі бар министр осы өзгерістің «символикалық болып қалмайтынын», маңызды екенін атап көрсетті.

Өзгеріс енгізілген ұсыныста «Палестина мемлекетінің танынуы» деген сөз «Палестина мемлекетінің құрылуына қолдау беру», Израильге бағытталған қару саудасына байланысты «кейінге қалдыру» деген сөз «тоқтату немесе тыйым салу» деп өзгертілді.

Сыртқы істер министрі Израильге әскери материал және технология экспортына байланысты рұқсаттарды 8 қаңтар күні уақытша тоқтатқан болатын.

Израиль Сыртқы істер министрі болса осы шешімге орай Канадаға наразылық білдірді.



Ұқсас жаңалықтар