Пәкістаннан Ауғанстанға әуе шабуылы жасалды

Пәкістан армиясы жасаған әуе шабуылдарын растады.

2116942
Пәкістаннан Ауғанстанға әуе шабуылы жасалды

Пәкістан Ауғанстандағы Пәкістан Талибандарына тиесілі екені алға тартылған баспаналарды бомбалады.

Аты-жөнін бермеген екі пәкістандық қауіпсіздік және барлау офицеріне қарағанда армия таңертеңгі уақытта Пәкістан шекарасындағы Ауғанстанның Хост және Пактика уәлаяттарында Пәкістан Талибанына тиесілі баспаналарды нысанаға алған.

Пәкістан армиясы бұл мәселеге қатысты мәлімдеме жасамағанымен, Пәкістан Талибанына жасаған шабуылдарды растады.

Ауғанстандағы Талибан мәлімдемешісі Забихулла Муджахид оқиғаны айыптап, Пактиканың Бармал аймағындағы шабуылдарда 3 әйел мен 3 баланың, Хосттағы шабуылдарда 2 әйелдің қаза тапқанын атап көрсетті.

16 наурыз күні Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва уәлаятының Солтүстік Везиристан аймағында әскери бөлімшеге бомба тиелген көлікпен шабуыл жасалып, артынан көптеген жанкешті шабуыл болды. Шабуылдар мен одан кейінгі операция кезінде 7 пәкістандық әскер қаза тауып, 6 шабуылшы қаза тапты.

Пәкістан президенті Асыф Али Зардари сарбаздарды жерлеу рәсіміне қатысып, кек қайтаруға уәде берген болатын.



Ұқсас жаңалықтар