Израиль қатыгездігі жалғасуда

Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарында 31 мың 490 палестиналық көз жұмды.

2116141
Израиль қатыгездігі жалғасуда

Израиль армиясының түні бойы Газа секторына жасаған шабуылында кемінде 80 палестиналық қаза тапты.

Палестинаның «WAFA» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль Газа секторының түрлі бөліктеріне, әсіресе Нусайрат босқындар лагері мен Газа қаласына қарсы шабуылдарын жалғастырды.

Израиль армиясының Газа секторының түрлі аймақтарындағы тұрғын үйлер мен ғимараттарды нысанаға алған шабуылдарында кемінде 80 палестиналық қаза тапты. Сондай-ақ шабуылдарда көптеген адам жараланып, бірталай адам үйінді астында қалды.

Израиль армиясы 7 қазаннан бері шабуылдарын жалғастырып жатыр. Сондай-ақ қоныс аударған палестиналықтарды паналаған азаматтық елді мекендерді, ауруханаларды, мектептер мен баспаналарды нысанаға алды. Гуманитарлық көмектің келуіне жол бермеуі салдарынан  шамамен 2,3 миллион халқы бар Газа секторында үлкен гуманитарлық апат орын алуда.

Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарында 31 мың 490 палестиналық көз жұмды. Оның ішінде кемінде 13 мың 500 бала және 9 мың әйел қаза тауып, 73 мың 439 адам жараланды.



Ұқсас жаңалықтар