Судан халқы ашаршылық салдарынан шегіртке жеуге мәжбүр болуда

Судандағы азаматтық соғысы бір жылға жақындады.

2113986
Судан халқы ашаршылық салдарынан шегіртке жеуге мәжбүр болуда

Судандағы азаматтық соғысы бір жылға жақындады. Судан халқы ашаршылық салдарынан шегіртке жеуге мәжбүр болуда.

Кувейтте орналасқан  «Al Najat Charity» ұйымы әлеуметтік желідегі аккаунтында азаматтық соғыс салдарынан босқын болған судандықтардың жағдайы туралы суреттер жариялады.

Азаматтық соғыс аймақтарынан қашып, шөл далада уақытша шатырларды паналаған кейбір отбасылардың азық-түлік табуда үлкен қиындықтарға тап болғаны, аштықпен күрескен отбасылардың өмір сүру үшін шегіртке жеуге мәжбүр болғаны айтылды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы 20 ақпанда әлемдегі ең үлкен қоныс аудару дағдарысы болып жатқан Судандағы 10 айға созылған азаматтық соғыс салдарынан кем дегенде 25 миллион адамның аштықпен күресіп жатқанын ескертті.

Ел сәуір айының ортасынан бері Егемендік кеңесінің төрағасы генерал Абдулфеттах әл-Бурхан басқаратын армия мен Жедел қолдау күштері арасында қиян-кескі қақтығыстарға сахна болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Судандағы қақтығыстар салдарынан 13 мыңнан астам адам қаза тапты. Сондай-ақ 6 миллион адам елдің басқа қалаларына қашып, 1,7 миллион адам көршілес елдерге қашты.



Ұқсас жаңалықтар