Мадуро сайлауға қайта түседі

Мадуроның 28 шілдеде өтетін сайлауға партия атынан үшінші рет қатысатыны мәлімденді.

2114150
Мадуро сайлауға қайта түседі

Венесуэлада 28 шілдеде өтетін президенттік сайлауда Николас Мадуроның қайтадан сайлауға түсетіні белгілі болды.

Венесуэланың Бірыңғай Социалистік партиясының  вице-президенті Диосдадо Кабелло Мадуроның 28 шілдеде өтетін сайлауға партия атынан үшінші рет қатысатынын мәлімдеді.

Кабелло партия ішінде өткізген алғашқы сайлауда 4 миллион 240 мың 32 партия мүшесінің Мадуроға дауыс бергенін атап өтті.

Екінші жағынан сайлау күні нақтыланғаннан кейін президент Мадуро митингтер ұйымдастыра бастады.

Мадуроға қарсы кандидат ұсыну әрекеттерін жалғастырып жатқан оппозициялық блок әлі шешім қабылдаған жоқ.

Венесуэла Ұлттық сайлау кеңесінің президенті Элвис Аморосо 6 наурызда өткен баспасөз мәслихатында президенттік сайлауды 28 шілдеде өткізуге бірауыздан шешім қабылдағандарын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар