Хоуситтер АҚШ-тың Қызыл теңіздегі «Pinocchio» кемесін нысанаға алды

Йемендегі Иран қолдайтын хоуситтер АҚШ-тың Қызыл теңіздегі « Pinocchio» кемесін теңіз зымырандарымен нысанаға алғанын жариялады.

2114229
Хоуситтер АҚШ-тың Қызыл теңіздегі «Pinocchio» кемесін нысанаға алды

Хоуситтердің әскери баспасөз мәлімдемешісі Яхья Сери «Telegram» және «X» әлеуметтік платформасына жасалған шабуыл туралы мәлімдеме жасады. Хоуситтер теңіз күштерінің АҚШ-тың «Pinocchio» кемесіне зымыранмен шабуыл жасағанын айтқан Сери кеменің тікелей соққыға ұшырағанын  баяндады.

Хоуситтер күштерінің Рамазан айында әскери операцияларын арттыратынын және бейуаз Палестина халқына қолдау және көмек көрсетуде діни, моральдық және гуманитарлық міндеттерін орындауды жалғастыратынын түсіндірген  Сери, Қызыл теңіздің Израильдің Газаға жасаған шабуылдарын тоқтатқанға дейін жалғасатынын айтты.  

Хоуситтердің «әл-Масира» телеарнасының «Telegram» парақшасындағы хабарда АҚШ пен Ұлыбританияның елдің батысындағы Худейда қаласына 13 әуе шабуылы жасағаны жарияланды.

АҚШ Орталық қолбасшылығы да Қызыл теңіздегі хоуситтердің бақылауындағы аймақтарға 6 «қорғаныс шабуылы» жасағанын жариялады.

Мәлімдемеде шабуылда ұшқышсыз суасты көлігі мен 18 кемеге қарсы зымыранды нысанаға алғаны және бұл қарулардың аймақтағы коммерциялық кемелер мен АҚШ теңіз күштері кемелеріне «жақын қауіп» төндіретінінің анықталғаны атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар