Израильдің қатыгездігі Газа секторында жалғасуда

Израильдің 153 күннен бері жасап жатқан шабуылдары туралы ақпарат берілді.

2112422
Израильдің қатыгездігі Газа секторында жалғасуда

Израиль армиясының жаулау астындағы Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқан адам саны  30 мың 800-ге жетті.

Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Израильдің 153 күннен бері жасап жатқан шабуылдары туралы ақпарат берілді.

Мәлімдемеде Израиль әскерінің соңғы 24 сағатта тағы 83 палестиналықты өлтіргені, қаза тапқан адам санының 30 мың 800-ге жеткені атап көрсетілді.

Соңғы шабуылдарда 142 палестиналық жарақат алып, жалпы жаралы санының 72 мың 298-ге жеткені білдірілді.

Мәлімдемеде сонымен бірге Израильдің Газада соңғы 24 сағатта «9 қырғын» жасағаны, үйінділер астында және жол жиегінде әлі де өлгендердің бар екені баяндалды. Мәлімдемеде Израиль күштерінің тосқауылы салдарынан  медициналық топтар және азаматтық қорғаныс өкілдерінің мәйіттерге жете алмағаны баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар