Израиль тұтқындаған палестиналықтар саны 7 мың 450-ге жетті

Палестина тұтқындар қауымдастығы мен Палестинаны азаттық ұйымы мәлімдеме жасады.

2111991
Израиль тұтқындаған палестиналықтар саны 7 мың 450-ге жетті

Газа секторында соғыс басталған 2023 жылы 7 қазан күнінен бері басқыншылық астындағы Шерияның батысында Израиль күштері тұтқындаған палестиналықтар саны 7 мың 450-ге жетті.

Палестина тұтқындар қауымдастығы мен Палестинаны азаттық ұйымының тұтқындар және босатылғандар делегациясының ортақ мәлімдемесінде 7 қазан күнінен бері тұтқынға алынғандар туралы соңғы мәліметтер бөлісілді.

Мәлімдемеде Израиль күштерінің соңғы 24 сағатта Шерияның батысындағы Хеврон, Бетлехем, Рамалла, Тулкерим және Калкилья қалаларында кемінде 25 палестиналықты ұстағаны атап көрсетілді.

Соңғы тұтқындауларды қосқанда 7 қазан күнінен бері қамауға алынған палестиналықтар саны 7 мың 450-ге жетті.

Израиль армиясының Газа секторына шабуылдарын бастаған 2023 жылдың 7 қазан күнінен бері басқыншылық астындағы Шерияның батысы мен Иерусалимнің шығысында палестиналықтарға бағытталған тергеу, басып кіру және шабуылдар көбейді.



Ұқсас жаңалықтар