Сергей Шойгу екі жаңа әскери аймақ құрғанын мәлімдеді

Сергей Шойгу Қорғаныс министрлігі өкілдерімен кездесуде сөйлеген сөзінде ел ішінде жаңа әскери аймақтардың құрылғаны туралы ақпаратпен бөлісті.

2111351
Сергей Шойгу екі жаңа әскери аймақ құрғанын мәлімдеді

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу НАТО-ның кеңеюіне және Ресей шекараларында әскери әлеуеттің пайда болуына тойтарыс  ретінде екі жаңа әскери аймақ құрғанын мәлімдеді.

Сергей Шойгу Қорғаныс министрлігі өкілдерімен кездесуде сөйлеген сөзінде ел ішінде жаңа әскери аймақтардың құрылғаны туралы ақпаратпен бөлісті.

НАТО-ның Ресей шекараларына жақын жерде әскери әлеует құратынын, Финляндияның НАТО мүшесі екенін және Швецияның одаққа қосылатынын еске салған Шойгу «Солтүстік-батыс және батыс стратегиялық бағыттағы әскер топтарын нығайту шараларын қабылдадық.Қарулы Күштерде Ленинград және Мәскеу әскери округтерінде екі арнайы стратегиялық аймақтық бөлімшелер құрылды» деді.



Ұқсас жаңалықтар