Деннис Фрэнсис  «Газадағы жағдай қорқынышты» деді

БҰҰ 78-ші Бас ассамблеясының төрағасы Деннис Фрэнсис  «Газадағы жағдай қорқынышты, шабуыл аяусыз жалғасуда» деді

2110933
Деннис Фрэнсис  «Газадағы жағдай қорқынышты» деді

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 78-ші Бас ассамблеясының төрағасы Деннис Фрэнсис  «Газадағы жағдай қорқынышты, шабуыл аяусыз жалғасуда. Азық-түлік көмегі кезінде жүздеген адамның қаза болуы және жарақат алуы мені қатты қорқытты» деді.

Аталмыш шабуылдың 2023 жылдың 7 қазанынан кейін қаза тапқандар санының 30 мыңнан асқанына назар аударған Фрэнсис шабуылда мыңдаған баланың қаза болғанын, армандарының ұшып кеткенін білдірді.

Фрэнсис Газада сәбилердің аштық пен дұрыс тамақтанбау салдарынан өлгенін білдіріп, «(Газа халқының) армандары мен  болашағы жойылды» деді.

Газа халқының шамамен 85 пайызының қоныс аударғанын түсіндірген Деннис Фрэнсис әсіресе Рафахқа қарсы әуе шабуылдарының артуына қатты алаңдағанын атап көрсетті.

Фрэнсис Израильдің гуманитарлық көмек шектеулерінің өмірлік көмекті тасымалдауға үлкен кедергі келтіретініне назар аударып «Қаңтар-ақпан айлары аралығында Газаға күн сайын кіретін көмек көліктерінің саны 50 пайыздық азаюда» деп көрсетті.

Тез арада атысты тоқтату керек екенін баяндаған Фрэнсис «Бомбалауды тоқтату керек» деді.

Барлық тараптардың халықаралық гуманитарлық құқық пен халықаралық адам құқығы заңына сәйкес болуы керектігін білдірген Фрэнсис сонымен қатар гуманитарлық көмектің толық және кедергісіз тасымалдануын қамтамасыз етілуі керектігін айтты.



Ұқсас жаңалықтар