Ливан Израильге зымыран шабуылы жасады

Ливаннан Израильге бағытталған зымырандық шабуылда бір адам қаза тапты.

2110745
Ливан Израильге зымыран шабуылы жасады

Ливаннан Израильге бағытталған зымырандық шабуылда бір адам қаза тауып, 7 адам жарақат алды.

Израиль мемлекеттік телеарнасы «KAN»-ның хабарында Ливан жерінен Израильдің Маргалиот елді мекеніне танкке қарсы зымыранмен шабуыл жасалғаны атап көрсетілді.

Шабуыл салдарынан бір адамның қаза тауып, 7 адамның жараланғаны хабарланды.

Израильдің «Қызыл Дәуіт Жұлдызы» жедел жәрдем қызметі жасаған мәлімдемеде зымыран шабуылы нәтижесінде 2 тайландтық жұмысшының жараланғаны атап көрсетілді.

Екінші жағынан Ливанның ресми ақпарат агенттігі «NNA»-дағы хабарға қарағанда Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі Меркаба және Хула қалаларының айналасына артиллериялық және фосфор бомбаларымен ауыр шабуыл жасады.

Израиль армиясы мен Хизбулла қозғалысы арасында 8 қазан күнінен бері Ливанның оңтүстігінде болған қақтығыстарда 229 Хизбулла мүшесі, 45 ливандық бейбіт тұрғын, 11 Эмел қозғалысы, 12 Хамас қозғалысы және 12 Исламдық жиһад қозғалысы мүшесіне қоса, 6 Израиль азаматы мен 11 сарбазы қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар