Гаитиде бір түрмеден 3 мың 600 тұтқын қашып кетті

«Croix des Bouquets» түрмесіне басып кірген қарулы топтар қауіпсіздік күштерімен қақтығысты.

2110609
Гаитиде бір түрмеден 3 мың 600 тұтқын қашып кетті

Гаитиде қылмыстық топтардың түрмеге жасаған қарулы шабуылы нәтижесінде 12 тұтқын қаза тауып, 3 мың 600 тұтқын қашып кетті.

Бас қала Порт-о-Пренстегі «Croix des Bouquets» түрмесіне басып кірген қарулы топтар қауіпсіздік күштерімен қақтығысты.

Қақтығыс кезінде 12 тұтқын қаза тапты, 3 мың 600 тұтқын қашып кетті.

Екінші жағынан бандалар басып алған түрмеде 17 колумбиялық азамат бар екені және Колумбия үкіметінің Гаити билігімен байланыста болғаны білдірілді.

Елде соңғы 3 күнде жасалған шабуылдарда 4 полиция қызметкері қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.

Біраз уақыттан бері премьер-министр Ариэль Генридің отставкаға кетуін талап етіп наразылық білдірген мыңдаған адам полициямен жиі қақтығысуда.



Ұқсас жаңалықтар