Көптеген ел Израильді Газадағы атысты тоқтатуға шақырды

Қытай өкілі Чен гуманитарлық көмек ұйымдарының Газадағы әрекеттерін жүзеге асыруына рұқсат беру керектігін баса айтты.

2109982
Көптеген ел Израильді Газадағы атысты тоқтатуға шақырды
el-menfi.jpg
ilhan omar.jpg
slovenya natasa pirc musar.JPG

Қытай Израильдің шабуылдары астында жатқан Газада тез арада атысты тоқтатуға шақырғанын тағы да білдірді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Женева бөлімшесі жанындағы Қытайдың тұрақты өкілі Чен Шү  БҰҰ Адам құқықтары кеңесінің 55-ші сессиясының Израиль-Палестина мәселесі талқыланған отырысында өз елінің атынан сөз сөйледі.

Қытай өкілі Чен сөзінде Газада бұрын-соңды болмаған гуманитарлық дағдарыстың  болғанын айтып, былай деді: «Тез арада атысты тоқтату керек. Бұл халықаралық қауымдастықтың талабы және бейбітшілікке қол жеткізудің негізгі жолы» деді.

Чен гуманитарлық көмек ұйымдарының Газадағы әрекеттерін жүзеге асыруына рұқсат беру керектігін баса айтты.

Ливия Президенттік кеңесінің төрағасы Мұхаммед әл-Менфи де халықаралық қауымдастық пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінен Израильдің Газада көмек күтіп тұрған палестиналықтарға жасаған шабуылын тез арада тергеу комиссиясын құруға шақырды.

АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі Илхан Омар Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтонда Конгресс ғимараты алдында өткен баспасөз мәслихатында Израильдің Газаға қарсы шабуылдарын тоқтатуға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар