Израиль жауыздығы жалғасуда

Израиль Газадағы соғыс қылмыстарын тоқтаусыз жалғастыруда.

2109933
Израиль жауыздығы жалғасуда

7 қазаннан бері Израиль шабуылдарынан 30 мың 228 палестиналық қаза тауып, 71 мыңнан астам адам жарақат алды. Көптеген палестиналық әлі де үйінділер астында.

Израиль күштері Газа секторының орталық бөлігіндегі Дейр аль-Балах қаласына шабуыл жасады. Екі үй мен мешітті жарған бомбалардың салдарынан кем дегенде 15 адам қаза тапты.

Израиль Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласын да бомбалады. Қаза тапқандар мен жараланғандар көп, оның ішінде балалар да бар.

Джибалие босқындар лагерін де үрейлендірген Израиль 70 палестиналық паналаған үйді бомбалады, шабуылда көптеген адам қаза тапты.

Израиль әскері Бейт Ханундағы бейбіт елді мекендерге де соққы беріп, қырғындар жасады.



Ұқсас жаңалықтар