Сарбаздар психологиялық кеңес сұрайды

Психологиялық проблемалары бар 200-ге жуық сарбаз әскерден шығарылды.

2108940
Сарбаздар психологиялық кеңес сұрайды

Газа секторына шабуылдар басталған 7 қазаннан бері Израильде 30 мың сарбаз психологиялық кеңес алу үшін орталықтарға хабарласты.

Армия сарбаздардың 85 пайызының психологиялық қолдау алғаннан кейін соғысқа қайта қосылғанын білдірді.

Мәлімдемеде сонымен бірге психологиялық проблемалары бар 200-ге жуық сарбаздың әскерден шығарылғаны атап көрсетілді. Сондай-ақ сарбаздар үшін арнайы травма емханасы ашылатыны білдірілді.

Газаға жасалған шабуылдардың басынан бері елдегі Медициналық қауымдастыққа қарасты психикалық денсаулық қызметі  кәсіби мамандармен толықтырылды.



Ұқсас жаңалықтар