Гебрейесус Израильге ескерту жасады

ДДҰ Бас директоры Гебрейесус Израильді Газаға гуманитарлық көмек миссияларының үздіксіз, қауіпсіз және лайықты өтуіне рұқсат беруге шақырды.

2108471
Гебрейесус Израильге ескерту жасады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Израильді Газаға гуманитарлық көмек миссияларының үздіксіз, қауіпсіз және лайықты өтуіне рұқсат беруге шақырды.

Гебрейесус  ДДҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымы және Палестина Қызыл жарты ай қоғамы топтарының Газаның оңтүстігіндегі Хан Юнус аймағында қоршауда қалған Амал ауруханасына жеткенін және 24 науқасты басқа ауруханаға ауыстырғанын айтты.

Гебрейесус  Палестиналық Қызыл жарты ай қызметкерлері өз міндеттерін толық үйлестіру және қауіпсіздік кепілдігімен орындағанына қарамастан, Амал ауруханасынан шыққан кезде қорланғанын айтты.

Үш денсаулық сақтау қызметкерінің ұсталғанын білдірген Бас директор Гебрейесус «Денсаулық сақтау саласының бір қызметкері босатылды. Біз қалған екі адам мен ұсталған басқа медицина қызметкерінің дереу босатылуын талап етеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар