Джо Байден: «Мен сионистпін»

Джо Байден «NBC» телеарнасының сұрақтарына жауап қайтарды.

2108466
Джо Байден: «Мен сионистпін»

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Джо Байден сионистік болу үшін еврей болу шарт емес екенін айтып, «Мен сионистпін» деді.

Джо Байден «NBC» телеарнасындағы «Late Night With Seth Meyers» бағдарламасына қатысып, күн тәртібіне қатысты сұрақтарға жауап қайтарды.

Байден Газа секторындағы атысты тоқтату туралы қойылған бір сұраққа қайтарған жауабында «Алда бір ғана жол бар, бірақ бұл қиын жол» деді.

Израильдің өзі және палестиналықтар үшін бейбітшілік мүмкіндігін пайдалану керектігіне назар аударған Байден «Сионистік болу үшін еврей болу шарт емес, мен сионистпін. Егер Израиль болмаса, бірде-бір еврей қауіпсіз болмайды» деді.

Уақытша атысты тоқтатуды қамтамасыз еткен жағдайда, басқа бағытта ілгерілеуге болатынын атап көрсеткен Джо Байден мұндай жағдайда Израильдің қауіпсіздігі мен палестиналықтардың тәуелсіздігіне кепілдік беретін екі мемлекетті шешімге қол жеткізуге болатынын мәлімдеді.

Израильдің Газа секторына 7 қазаннан бері жасалған қарқынды шабуылдарда көпшілігі балалар 30 мыңға жуық палестиналық қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар