Израиль Газаға 70 мың тонна бомба тастады

Израиль Газа секторында бейбіт тұрғындар тұратын үйлерге 70 мың тонна бомба тастаған.

2107236
Израиль Газаға 70 мың тонна бомба тастады

Израильдің соғыс басталған 7 қазаннан бері Газа секторында бейбіт тұрғындар тұратын үйлерге 70 мың тонна бомба тастағаны білдірілді.

Газа үкіметінің БАҚ кеңсесі Израильдің Газада жасаған заң бұзушылықтары туралы ақпарат берді.

Осыған сәйкес Израиль Газада 19 түрлі соғыс қылмысын істеді. Олардың ішінде бейказ тұрғындарға қарсы жасалған қылмыстар басым болды.

Израиль 30 мыңға жуық адамды, негізінен әйелдер мен балаларды қасақана өлтірді. 2600 адам ұсталды немесе тұтқынға алынды. Бұл адамдарға қатыгездік, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын әрекеттер жасалды. 2 миллион палестиналық үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Израиль әскерлері Аз-Зейтун, Шейх Ридван және Ан-Наср аудандарында, Әл-Магази босқындар лагерінде және Газаның батыс аймағында жүздеген адамды тірі қалқан ретінде пайдаланды.

Израиль азаматтық нысандарға, әсіресе ауруханаларға, мектептерге, мешіттерге, шіркеулерге және әртүрлі азаматтық ұйымдарға қарсы  мыңдаған шабуыл жасады.

Адамдардың ар-намысын аяққа таптаған израильдік сарбаздар әйелдер мен балаларды мәжбүрлеп, қорлықпен шекаралас аймақтарға апарды.

Шабуылдар кезінде Израиль 500-ден астам мешіт пен шіркеуді, 300-ден астам университет пен мектепті, 360 мыңнан астам резиденцияны қиратып, Газадағы 35 аурухананың 31-ден астамы жұмысын тоқтатты.

Израиль 7 қазаннан бері бейбіт аймақтарға 70 мың тонна бомба тастап, үлкен аумақтарды қиратты. Тасылған бомбалардың ішінде тыйым салынған фосфор бомбалары мен кассеталық бомбалар болды.

Израиль шабуылдарында Газа секторындағы мыңдаған жылдық тарихы бар 200-ден астам археологиялық және тарихи орындарды жойды.



Ұқсас жаңалықтар